Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде 25 жастағы жігіт арбада отыратын мүгедек бауырын пышақтап өлтірген

KAZAKBOL.COM

Арбадағы мүгедек бала. Көрнекі фото: blogohealth.ru

Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сәуір айында болған жантүршігерлік жағдайға қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Еш жерде жұмыс жасамайтын Талап Қожантаев сәуір айында туысқанының үйіне келеді. Әпкесінің баласын сыраға жұмсап, өзі үйді аралап жүріп, ақша жинағышты тауып алған. Туысқанының І топтағы мүгедек баласының басқа бөлмеде алаңсыз отырғанын көріп, ақша жинағыштағы скотчты ашып, 1000 теңге көлемінде ақша алып кетеді.

Ішімдік ішкен күйінде Талап ақша алып кеткен үйге бір аптадан кейін қайта келген. Есікті әпкесінің жарымжан баласы Шапағат Жарылқасын ашады. Үйге емін-еркін кірген сотталушы бірден ас бөлмесіне барған.

Пышақпен алма турап жеп отырып, туысының баласынан ақша сұрайды. І топтағы мүгедек Шапағат оған осыған дейін үйден ақша ұрлап кеткенін есіне салған. Оны анасына айтып қоятынын, үйдегі жиналған ақшаға тимеуін ескертеді.

Өзінің ұрлығының ашылып қалғанына ашуланған Қожантаев алма турап отырған пышағын арбадағы өзімен құрдас мүгедек жігіттің ішіне бірнеше жерден тығып алады. Ол оны өлтірудегі ойын жалғастырып, пышақпен тамағын кескен. Тамақтан кірген пышақ ауызына дейін тесіп шығыпты.

Сотталушы бұл әрекетімен шектелмей, пышақты дәрменсіз қалған адамның кеудесіне де тығып, аяусыз өлтірген. Ол қан болып қалған шалбарын алмастырып, үйдегі ақша жинаулы тұрған орыннан 130 мың теңгеден асатын ақшаны қолды қылған.

Қан болып қалған шалбарын сөмкеге салып, үйден бой тасалаған күдікті ұзамай қолға түсті.

Сотталушы еш жерде жұмыс жасамайды, ажырасқан және бұрын сотты болмаған. Талап Қожантаев сот залына күзетпен әкелінді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM