Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде букмекерлік кеңсені тонаған 3 күдікті іздестіріліп жатыр

KAZAKBOL.COM

Ақтөбе қаласындағы Мәскеу шағын ауданында букмекерлік кеңсе тоналды.

Ақтөбеде букмекерлік кеңседен 200 мың теңгеден астам қаржыны ұрлап кеткен күдіктілер іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды

Ақтөбе қаласындағы Мәскеу шағын ауданында букмекерлік кеңсе тоналды. Түнгі сағат 3:30 шамасында кеңсеге бетперде киіп кірген үш адам қызметкерлерді қарумен қорқытқан болуы мүмкін.

«29 қарашада түнде кеңсеге кірген үш адамда бетперде болған. Олардың біреуі медициналық бетпердемен бетін жасырған. Тонаушылар тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадағы 200 мың теңгеден астам ақшаны алып кетті. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген», — деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері бір аптадан бері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Букмекерлік кеңсені тонап кеткендер әлі ұсталған жоқ. Үш күдікті кірген кезде күзет қызметінің қорғанатын қаруы болмаған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM