Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде курстас жігіттер бір бойжеткенді жабылып зорлаған

KAZAKBOL.COM

Ақтөбеде курстас достар жиналып, кездесуді атап өту үшін пәтер жалдаған. Сол пәтерде екі жігіт бойжеткен қызды зорлаған деп жазады Керек-инфо.

Оқиға 13 шілдеде таңертеңгі сағат 5-7 шамасында болған. Сот құжатына сәйкес, түнгі сағат 11 шамасында жігіттер Қарғалы ауылы Сәтбаев көшесі бойында тұратын курстас бойжеткен қызға келеді. 21 жастағы жігіт «кездеспегелі көп болды ғой» деген сөзден әңгімені бастайды. Сөйтіп олар қызды өздерімен бірге көңіл көтеріп, қыдыруға шақырған.

Сыра ішу барысында «тым кеш болып кетті ғой, бір жерден пәтер жалдап, түнейік» деген алдау сөзді желеу етіп, әлгі екі жігіт бойжеткен қызды 8-наурыз көшесі бойында орналасқан №6 үйге алып барады.

Қыз өзінің курстас достарынан ешқандай қауіп тенбей, солардың арттарына ереді. Қыздың масаң күйде болғанын пайдаланып, екі жігіт өз арам ниеттерін жүзеге асырмақшы болады. 21 жастағы жігіт қызды қонақ бөлмеде орналасқан төсекке жатқызып, оны еркінен тыс зорлаған.

Ал қорғаушы-адвокаттың айтуынша, қыз бірінші кезекте бір жігітпен төсектес болуға келіскен. Содан кейін екінші жігіт бейжай қарай алмай, ол да жыныстық қарым-қатынасқа түскісі келеді. Екінші жігіттің араласқанын қаламаған қыз екінші күні екеуінің де үстінен полицияға шағым түсіреді.

15 шілде күні қылмыстық әрекет жасаған жігіттерге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қанағаттандырылды. Адвокат тергеушінің өтінішхатына қарсылық білдірді. Ол күзетпен ұстау бұлтартпау шарасынан жеңілдеу бұлтартпау шарасын қолдануды сұрады.

Сондай-ақ ол соттан күдіктіні кепілдікке шығаруға өтініш білдірді. Алайда №2 қалалық сот қаулысында күдікті азаматтар 14 қыркүйекке дейін уақытша қамау абақтысында отырады делінген

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM