Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде лаңкестердің көзін жойған полицей «Жыл адамы» атанды

KAZAKBOL.COM

Аслан Есентаев. Фото: aktobenews.kz

Ақтөбеде 5 маусым күнгі теракт оқиғасы кезінде ерекше жұмыс жасап көзге түскен полиция қызметкерлері марапатталды деп хабарлайды aktobenews.kz.

Қанды оқиғаның басында жүріп, бірнеше лаңкесті құрықтауға қатысқан Елек полиция бөлімшесінің қызметкері әріптестерінің арасында үздік қызметкер атанды.

«Сол кезде Елек бөлімшесінде кезекте болдық. Түскі уақытта «Паллада» дүкеніне қарулы шабуыл жасалғаны хабарланды. Сол кезде қала бойынша жүрген барлық полиция қызметкерлері шақырылған болатын. Біз «Паллада» дүкеніне барған кезімізде «Пантера» қару жарақ дүкеніне көмек сұрады. Ол жерге барғанымызда әріптестеріміздің қызметтік көлігінің ашық тұрғанын көрдік. Сол жерде біз ойланбастан атысқа қатысып кеттік. Жерде жатқан қылмыскердің қаруын алып, оған кісен салып, әрі қарай атыстық. Қасымда Жақсыбаев пен Нұғалиев есімді екі сержант болды. Нұрғалиев жарақаттанып қалғаннан кейін Жақсыбаев екеуміз атысты жалғастырдық. Сол күні кешке Кірпішті ауданында да шабуыл болды. Олар «Нива» автокөлігін алып кетті. Сол жерден қару ұстап жатқан қылмыскерді көрдік. Атуыма тура келді,- дейді Аслан Есентаев.

Міндетін үздік атқарған Аслан Есентаев «Алтын адам» және «Жыл адамы»атақтарын иеленді. Ол лаңкестік операция барысында бір экстремисті өлтіріп, біреуін жарақаттаған.

Есентаевтың жұбайы және жасар ұлы бар. Полицияда жеті жылдан бері қызмет етіп келеді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM