Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде оқуға енді түскен жас қызды сабақ үстінде алып қашып кеткен

KAZAKBOL.COM

Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы медициналық университеттің 1 курс студенті сабақ үстінде жігітімен қашып кеткен. Болашақ дәрігердің ата-анасы оқытушылардан жағдайға араласпауын сұрап отыр. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZтілшісі хабарлайды.

«Бұл жағдаймен таныспыз. Кешегі жұма күні алып қашу жағдайы болды. Студентіміз сол күні сабақта болды. Сабақ біткен кезде сағат үштер шамасында орын алып тұр. Сол күні қыздың ата-анасы бізге хабарласып әзірге араласпауымызды өтінді», — дейді медициналық университет оқытушысы.
Оқуға түскеніне бір апта болмай күйеуге шығып кеткен қыз Маңғыстау облысынан. Оны алып қашқан жігіт те ауылынан екен.

«Группасындағы қыздардың бәрі біліп отыр. Соған қарағанда осыған дейін айтылған әңгіме сияқты. Алып қашып кеткен қыздың туысы бізде жоғары курста оқиды. Қыздың ата-анасы осы жаққа келетіндерін айтты», — дейді университет оқытушысы.
Сабақ үстінде жігіті алып қашып кеткен студентке қатысты полицияға арыз түспеген.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM