Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақтөбеде педофил 7 жастағы қызды оңаша алып кетіп, ойына келгенін істеген

KAZAKBOL.COM

Фото: kerek-info.kz

Ақтөбе облысында өз танысының 7 жастағы қызына зорлық көрсеткен ер адам сотталды деп хабарлайды Керек инфо.

Хромтаулық Нұрлан Мұхамбетқалиев 17 жылға бас бостандығынан айрылды.

Бұл оқиға өткен жылы 15 қыркүйекте Хромтау қаласында болған. Іс материалдарына қарағанда, сотталушы сол күні қыздың өгей әкесімен және оның ағасымен бірге ішімдік ішкен. Кейін жәбірленушіні анасынан «қызыңды ұйықтатамын» деген сылтаумен оңаша алып кетіп, ойына келгенін істепті.

Жазғы үйде жатқан қызды 10 жастағы ағасы байқап, бірден ата-анасына айтқан. Ал олар полицияға шағымданыпты. Сот –медициналық сараптама қыздың айуандықпен зорланғандығын растаған. Жәбірленуші психологтың көмегіне жүгініпті. Нұрлан Мұхамбетқалиевке Қылмыстық кодекстің 121- бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылды. Қылмыстық іс сотта жабық қаралды.

16 ақпан күні судья Ахметқали Молдағалиев 37 жастағы ер адамды айыпты деп тапты. Белгілісі, педофил орта білімді. Уақытша жұмыс істемейді. Үйленбеген. Өткен жылы Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Алайда жазасын толық өтемеген. Сондықтан, сот оны 17 жылға соттады. Сотталушы қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделмек. Бұған қоса ол жәбірленушінің пайдасына 1 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуі тиіс.

Сондай-ақ сот қылмыстық істі тергеу барысында өрескел заңсыздықтарға жол бергені үшін Хромтау аудандық ІІБ-і мен Ақтөбе облыстық прокуратурасы бастығының атына жеке қаулы шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM