Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбек ақыны Мирзияевтан әуежайға Каримовтың есімін бермеуін талап етті

KAZAKBOL.COM

Жамол Камол. Фото: centralasian.org

Өзбекстанның халық ақыны Жамол Камол (Камолов) ел президенті Шавкат Мирзияевтан Ташкенттегі халықаралық әуежайға бірінші президент Ислам Каримовтың есімін беру туралы жарлықтың күшін жоюын сұрады деп жазады centralasian.org.

«Менің пікірімше, Ислам Каримовтың есімін ұлықтау туралы құжат асығыс қабылданған», — деп жазды 77 жастағы ақын. Каримовтың есімі берілетін нысандар саны өте көп — «мұражайлар, саябақтар, жоғарғы оқу орындары, ескерткіштер, ұйымдар мен көшелер».

«Осы орынды ма? Оның есімін Ташкент халықаралық әуежайына беру — артық кеткендік болар», — деді ол Eltuz.com сайтына.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 25 қаңтарда республиканың алғашқы президенті Ислам Каримовтың есімін ұлықтау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат бойынша, елдегі бірқатар нысан мен мекемеге соның аты беріледі. Олардың арасында Ташкент техникалық университеті, Асактағы автомобиль зауыты, Ферғанадағы Өнер сарайы, Ташкенттегі халықаралық әуежай бар.

Оның үстіне, президент жарлығына сәйкес, Өзбекстанда жыл сайын Каримовтың туған күні (30 қаңтар) атап өтіледі, ал 2 қыркүйек — Бірінші президентті еске алу күні деп жарияланды.

Өзбекстанды 26 жыл билеген Ислам Каримов 2016 жылы 2 қыркүйекте 78 жасында қайтыс болды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM