Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбелік кәсіпкер студенттер тегін тамақтанатын асхана ашты

KAZAKBOL.COM

Тегін тамақтан бөлек мұнда түрлі тәттілер мен ыстық бәліштер сатылады.

Мұнда күніне 300-дей адам ас іше алады. Студенттік билетпен тегін берілетін ас мәзірінде сорпа, макарон, нан, шай мен қант бар. Бір студент бірнеше рет келіп жүрек жалғауына да болады, — деп жазады  muslim.kz.

Аспаздар күніне екі рет ыстық тағам әзірлейді. Жатақханада тұратын студенттер таңғы асты да осы жерден ішіп жүр. Асхана студенттер үшін өте қолайлы жерде орналасқан. Оның айналасында 3 бірдей ірі оқу орны бар.

Тегін тамақтан бөлек мұнда түрлі тәттілер мен ыстық бәліштер сатылады. Ақылы тағамдардың бағасы да арзан.

Сондай-ақ, кәсіпкер әр сенбі сайын студенттерге арнап тегін шеберлік сағатын өткізеді. Мұнда әр саланың білікті мамандары келіп, дәріс оқиды. Ақтөбеге жан-жақтан келіп, оқып жүрген студенттерді қамқорлығына алған кәсіпкер қайырымдылық шараларын да жиі өткізіп тұрады.

«Біз таңертеңнен кешке дейін оқуда болғандықтан, тегін ас ішу бізге ыңғайлы. Және бұл жерге кез келген уақытта келуге болады. Жатақханада тұрғандарға да жақсы. Жалпы барлық студенттерге ыңғайлы асхана деп санаймын. Кәсіпкерлердің бұл істегені – игі іс», – дейді М. Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінің студенті Нұрбек Бақсиық.

фото muslim.kz.

«Студенттердің көбісі сырттан келген. Сондықтан күнде тамақ алып, оған ақша жұмсау артық шығын болады. Осы жерде барлығы қолжетімді. Тегін іше алады. Ал, басқа тамақтар алса, олар да қымбат емес», – дейді кәсіпкер Гүлжан Байжарқынова.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM