Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбелік журналист қызтекелердің негізінен үлкен қызметтерде отырғанын мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Ақтөбеде қызтекелер үлкен қызметте отыр.

Ресми есепте тіркеуде тұрған 300-ге жуық қызтекенің көпшілігін танитын журналистке олар «бізге тимеңдерші» деп жалынған.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Мен журналист болған соң түрлі тақырыпта мақала жазамын. Ақпарат жазу кезінде бір адаммен бірнеше рет сөйлесесің. Танысып, жақын сөйлесіп, жағдайын білесің. Мен айналамда қызтекелердің барын байқадым. Ақтөбеде қызтекелер бизнесте, түрлі органдарда, өнер саласында, білім саласында, медицинада және мемлекеттік қызметте отыр», — дейді Ақмарал Майкөзова.

Бөлек өмірді қалағандардың көпшілігімен жеке таныс журналистке қызтекелер өздері туралы айқайлап айтудың қажет емес екенін айтқан.

«СПИД орталығынан ақпарат алып отырамын. Олардың ресми есебінде үш жүзге жуық еркекшора мен қызтеке тіркелген. Ал өзім алпысқа жуық қызтекені танимын. Олардың барлығы жұмысына барып жүр, келіп жүр. Дұрыс әңгімелерін айтады. «Мен мұндаймын» деп ешкім айқайлап жатқан жоқ. Өз басым осы күнге дейін нашар қызтекені кездестіргенім жоқ. Олармен етене араласып жүргенім жоқ, бірақ жиі көремін. Көбісінің жоғары білімі бар. Өз істерінің маманы, зауытта, өндірісте жұмыс жасайтындары бар. Қызметіне байланысты адам өміріне араша болып жүргендері де жоқ емес. Олар бизнесте де жүр, мемлекеттік қызметте де отыр. «Біздерге тимеңдерші» деп жүреді, «өздерің «натурал» болсандар әр жерде жар салмайсындар ғой, біз ендеше өзіміздің «ориентациямызды» неге айғайлап айтуымыз керек? Бізді дәріптемеңдер де, сөкпеңдер де деп айтады», — дейді журналист.

Тілші қоғамға еш зиян жасап жүрмеген қызтекелерді қайырымды істерімен жиі көретінін де жасырған жоқ.

«Олардың арасында донорлар да дар. Олар қалыпты адамдарға қарағанда әлдеқайда қайырымды болып келеді. 2011 жылы қатты сырқаттанып қалдым. Үш рет қанымды жаңартты. Республикалық БАҚ-тың бірінде жұмыс жасайтын бір әріптесім блогына «Ақмаралға қан керек» болып жатыр деп, үндеу жазды. Полиция, өрт сөндірушілерге дейін келіп қан тапсырды. Оны мен танитын қызтекелер де оқыған. Ол хабарландыруды сол «ауылдың» адамдарына айтады. Олар да қан тапсырған. Мұның бәрін кейін білдім. Сонда республикалық БАҚ-да меншікті тілші болып жасайтын әріптесім маған ренжіп қалды. «Мен саған осынша қан тапсыратын адам әкелсем, саған «андайлар» да қан тапсырыпты» деді. Мен де сол әріптесім секілді ауырғанға дейін оларды қабылдағаным жоқ. Өзімді олардан жоғары ұстайтынмын. Қан тапсырғандардың арасында қызтекелердің бар екенін білгенде оларды неге жазғырғанымды түсінбедім. «Мен кіммін?» деп өзіме сұрақ қойдым. Өзім тура жолда жүрмін бе? Ойым, ісім, сөзім дұрыс па? «Натурал» дегендердің арасында да азғындар бар. Содан кейінн саналы түрде оларға деген көзқарасымды өзгерттім. Ең бастысы адам болу», — дейді Ақмарал Майкөзева.

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM