Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Абаев: Телеарна журналистерінің кәсіби біліктілігі төмен

KAZAKBOL.COM

Дәурен Абаев. Фото: esquire.kz

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев социологиялық сауалнама мәліметтеріне сүйеніп, қазақстандық көрермендердің «журналистердің кәсіби дайындық деңгейіне көңілдері толмайтынын» мәлімдеді деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Астанада бүгін министрліктің кеңейтілген алқасында сөйлеген Абаев билік жүргізген сауалнамаға жауап бергендердің көпшілігі қазақстандық телеарналарда жарнаманың тым көп берілетініне, жергілікті тақырыптардағы телеөнімдердің, танымдық бағдарламалардың аздығына, журналистер біліктілігінің төмендігіне шағымданған. Министр сауалнаманың қашан және қай қалаларда жүргізілгенін, оған қанша респондент жауап бергенін айтпады.

«Телеарналар тыңғылықты түрде ойланып, көрермендер көңілін жаулау шараларын жасауы керек», — деді Абаев. Ол бұл мәселені шешуде толық метражды картиналар түсіріп, телеарна қызметкерлері жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізуді, қызметкерлерді іріктеуді жетілдіруді және хабар тарату аймағын кеңейтуді ұсынады.

Өткен жылы желтоқсанның басында парламент депутаттары Абаевқа Қазақстан телеарналарын «ешкім көрмейтінін» айтып шағымданған. Мәжілістегі үкімет сағатында депутаттар жергілікті БАҚ-та сараптама мен журналистік зерттеудің аздығын айтқан.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM