Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Абай облысындағы өрт бойынша «Семей орманы» резерватының басшылығы күдікті ретінде танылды

KAZAKBOL.COM

Абай облысындағы өрт бойынша «Семей орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі бөлімшесінің басшылығы күдікті ретінде танылды. Бұл жөнінде 1 шілдеде бас прокуратура хабарлады.

Күдіктілер «жасы мен денсаулығына байланысты» үйқамаққа алынған. Олардың саны айтылмайды.

«2023 жылғы 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған («Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу»)» деп жазылған хабарламада. Тергеу жалғасып жатыр.

Бас прокуратураның айтуынша, өрт себебіне қатысты барлық болжам қарастырылып жатыр. Арасында қасақана өртеу, табиғатта ақаулы техниканы пайдалану, найзағай разряды бар.

Абай облысындағы өрттен 15 адам қаза болған. 14-і – «Семей орманы» Жаңа Шүлбі бөлімшесінің 14 қызметкері және жергілікті тракторшы.

Маусым ортасында өрт аумағы 60 мың гектардан астам екені айтылды. Орманшылардың туыстары жақындарын өрт сөндіруге тиісті техникасыз жібергенін айтқан.

Абай облысында өрт жалғасып жатқан тұста президент Қасым-Жомарт Тоқаев Юрий Ильинді төтенше жағдай министрі қызметінен босатқан. Кейін билік Абай облысындағы өртке байланысты Ильинге қатысты тексеру жұмыстары басталғанын хабарлаған. Бұған қоса, бас прокуратура Ильин, экология министрі Зульфия Сүлейменова, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт ісі бойынша қылмыстық істе тергелетінін айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM