Геннадий Головкин. Екі салмақ дәрежесінде бұрынығы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) 5 мамырда орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жеңу жолын тапқанын айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.
«Кездесу T-Mobile Arena аренасында өтетініне қуаныштымын. Барлығы осында басталды, осында аяқталады да», — деді «Канело». «Мен бірінші жекпе-жекті толықтай қарап шықтым, қандай өзгерістер енгізу керектігін байқадым.
Головкинді жеңуге осы басты себеп болады. Дайындыққа қосуым керек нәрселер бар. Біз шыдамдылық пен соққыларды үдететін боламыз», — дейді Альварес. Мексикалық боксшы Головкиннің бапкері Абель Санчес туралы да пікір білдірді: «Ол солай ойласа, нағыз барып тұрған нақұрыс». Алайда Golden Boy Promotions боксшының бұл сөзін кейінірек қиып тастады.
Өз кезегінде Головкин Альварестің әрдайым нокаутқа түсіретіні туралы айтып жүргенін келемеждеді. Қазақстандық боксшы екінші кездесудің тартысты болатынын айтады, ол үшін мексикалық боксшы өз сөзінде тұруы тиіс. «Канело» бірінші жекпе-жектің алдында-ақ мені нокаутқа түсіретінін айтып қоймайтын.
Егер ол осы ойын іске асырғысы келсе, қанеки. Жекпе-жек қызықты болады, көрермен де бокс әлемі де разы болары сөзсіз», — деді Головкин. Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин — Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.
KAZAKBOL.COM