Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ЕЭК: Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы кедергілерді алып тастауы тиіс

KAZAKBOL.COM

Маусым айының басында Қырғызстан мемлекеттік органдары мен Еуразия экономикалық комиссия (ЕЭК) өкілдері қырғыз-қазақ шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерін аралады.

Бұл туралы Қырғызстан экономика және сауда министрлігінің баспасөз қызметі 9 маусымда хабарлады.

Министрлік мәліметінше, шекара бекеттерін аралау кезінде «Қордай» және «Қарасуу» бақылау-өткізу пунктерінде Қазақстан мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкерлері жұмыс істеп жүргені, олар жүк көліктеріне қатысты салық шараларын өткізгені анықталды. Мұндай әрекет ЕАЭО ережелері мен басты қағидаларына қайшы.

«Делегация мүшелері қырғыз жағы ЕАЭО туралы келісім ережелерін бұзбағанын көрді», деп хабарлады қырғыз министрлігі.

Мәліметтерге қарағанда, делегация қазақ жағын ЕАЭО туралы келісім ережелерін сақтауға, шекарадағы кедергілерді жоюға шақырды.

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында қырғыз жағында жүк көліктері үнемі кезек күтіп қалады. Кейде мұндай кезек бірнеше шақырымға созылып кетеді. Шекарадағы бақылау мәселесі көрші елдер арасында бірнеше мәрте дау туғызған. Кезінде бұл дау Дүниежүзілік сауда ұйымына дейін жеткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM