Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Адахан Мадумаров: Бас прокуратура «саяси астары бар» қылмыстық іс қозғағысы келеді

KAZAKBOL.COM

Жогорку Кеңеш депутаты және «Бүтін Қырғызстан» фракциясының жетекшісі Адахан Мадумаров 31 мамамырда бас прокурордың оны қылмыстық жауапқа тартуға рұқсат сұрағанына қатысты пікір айтты.

Депутаттың мәлімдеуінше, құзырлы орган оған қарсы «саяси астары бар» қылмыстық іс қозғағысы келеді. Мадумаров бас прокурордың іс қозғауға рұқсат сұрайтынын парламент отырысында ғана білген.

«Олардың өздері де Мадумаровқа қанша мәрте билікте болуды ұсындық, бірақ бас тартты деп айтып отыр. Сонда мен қашан билікті басып алуға әрекеттеніппін? Мені шақырады, бас тартамын, осы әрекетім арқылы күш қолданғаным ба? Билікті асыра пайдаланды дейді. Менің қандай билігім бар?» деген Мадумаров баспасөз конференциясында.

Бұның алдында Қырғызстан парламентіне бас прокурор Құрманқұл Зулушевтың депутат Адахан Мадумаровты қылмыстық жауапқа тартуға рұқсат беру туралы ұсынысы түсті. Парламент 48 сағаттың ішінде құзырлы орган ұсынысын қарайтын комиссия құрды. Оның құрамына әр фракциядан, депутаттық топтардан бір депутаттан кірді. Комиссия құзырлы органның ұсынысын қарап, қабылданған шешімді парламент қарауына тапсыруы керек.

2022 жылы да бас прокуратура Жогорку Кеңештен Адахан Мадумаровты қылмыстық жауапқа тартуға келісім беруін сұраған. Бірақ ол кезде «мемлекетке опасыздық жасау» бабы туралы хабарланған, бірақ кейін «билікті асыра пайдалану» бабы да қосылғаны мәлім болған. Оның алдында Мадумаров жеті мәрте прокуратурада тергеліп, 2009 жылы Тәжікстанға 5 гектар жерді жалға беруге қатысты сауалдарға жауап берген. Ақыр соңында парламент құзырлы органға Мадумаровты қылмыстық жауапқа тартуға ​келісім бермеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM