Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің ғимаратында «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Түпқараған аудандық филиалы ашылды.
Филиалдың ашылу салтанатына аудан активтері жиналып, кеңсе лентасын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, «Маңғыстау – адалдық алаңының» кураторы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев және Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Маханбетәліұлы Қаныбеков қиды.
Түпқараған ауданында ашылған «Адалдық алаңының» маңызын атап өткен Қаныбек Бекболатұлы «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі филиалының жұмысына сәттілік тіледі.
Тұрмыстық жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ендігі жерде түпқарағандықтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын назарға алып, аудан көлеміндегі жемқорлықтың деңгейін төмендетуге өз үлесін қосатын болады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM