Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Вице-министр инаугурация күні ұсталғандар жөнінде: Олар Ақордаға бет алды, тоқтатуға мәжбүр болдық

KAZAKBOL.COM

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 26 қарашада, Астанада Тоқаев инаугурациясы болған күні ұсталған азаматтар туралы сұрақтарға жауап берді.

Оның айтуынша, 18 адам ұсталып, әкімшілік жазаға тартылған. Вице-министр қанша адамның босатылғанын нақтыламады. Бірақ олардың Ақорда жаққа қарай беттегенін айтты.

«Шараға 300 шақты адам қатысты. Бір жарым сағаттан кейін Ақорда жаққа қарай бару туралы ұран айтылды. Іс жүзінде онда митингінің барлық белгілері болған: дауыс үдеткіш, үндеу, шақыру және тағы басқа. Олар Ақорда жаққа қарай бет алған. Сондықтан оларды тоқтатуға мәжбүр болдық» деді вице-министр.

Ол жиналғандардың талаптарынан хабарсыз екенін жеткізді. «Олардан не үшін шықтыңыздар деп сұрамадыңыздар ма?» деген журналистердің сұрағына Игорь Лепеха «қазір анықтап жатырмыз» деп қысқа қайырды.

26 қараша кешкісін Астанада ондаған адам ұсталғаны хабарланып, сол күні қалада интернет те өшкен. Сайттар «Болашақтың архитекторлары» жобасын құрған бизнесмен Марат Әбиевтің жақтастары ұсталғанын жазған. 27 қарашада Әбиевтің өзі 15 тәулікке қамалған. Сот шешімінде Әбиевтің «полиция талабына бағынбағаны», «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғаны» жазылған.

Вице-министр 30 қарашада журналистерге интернет өшудің ұстауға қатысы жоғын айтты. Ол полицияның адамдарды бар-жоғы 20-30 минутта ұстап біткенін меңзеді.

Бұған дейін мемлекеттік техника қызметі Астана мен Ақмола облысында “интернет-шлюздегі электр жабдықтау құрылғысында апат болып” “телекоммуникация жабдығы істемей қалғанын” хабарлаған.

Tengrinews.kz сайтында 2020 жылы жарияланған жарнамалық мақалада Әбиев өзін ауыл шаруашылық саласын дамытуды көздейтін «TDFA қорын құрушы» деп атаған. Әбиев TDFA «бізді әлемдік масштабтағы аштық қаупінен құтқарады» деп мәлімдеген.

Биыл мамыр айында жергілікті басылымдар Әбиевтің жан-жақтан жиналған жақтастары Астанаға «концертке келе жатқанда» полиция қалаға кіргізбей қойғанын жазған. Астана әкімдігі «Әбиевке концерт ұйымдастыруға рұқсат берілмесе де, ол адамдарды алдап қалаға шақырып жатқанын» айтқан. Интернетте жаппай тәртіпсіздіктің алдын алынғаны да жазылды. Ал Әбиев Ulysmedia.kz сайтына «заңға қайшы іс жасау ойында болмағанын», «саясатпен айналысу ойында жоғын» жеткізген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM