Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АДАМ АҒЗАСЫН ЗАҢСЫЗ АЛМАСТЫРҒАН БАС ДӘРІГЕР ҰСТАЛДЫ

KAZAKBOL.COM

Қорқынышты фильмге бергісіз оқиға. Шымкентте клиниканың бас дәрігері адам ағзаларын заңсыз алмастырғаны үшін ұсталды. Тіпті бұл қызметі ол қылмыстық топтан қомақты ақша алып келген екен. Трансплантология саласындағы санаулы дәрігерлердің бірі деп саналған Абылай Донбай донорлыққа пайдаланған азаматтар кім?  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Клиниканы мақтанарлықтай жағдайға жеткізгім келеді». Бұл — ағзаны заңсыз алмастырды деп айып тағылған Абылай Донбайдың сөзі. 6 ай бұрын ақпарат агенттіктерінің біріне берген сұхбатында ол былайша көсіліпті.

«Ең алдымен, тәртіп орнатып, кейбір дәрігерлердің заңбұзушылық әрекеттерін тыюдамын. Бәлкім, біраз адамға ұнамай қалған шығармын. Оны жалдамалы, біреудің «инструменті» боп жүрген «тұлғалардан» байқап жүрмін. Бірақ сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасап қойып, алаңсыз отыра алмайды екенмін».

Қол астындағы дәрігерлердің заңбұзушылығын тиямын деп жүрген ақ халаттының өзі заңсыз әрекетке барған болып шықты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше ол, шетелдік қылмыстық топпен бірігіп, Шымкент қаласындағы №1 Қалалық клиникалық ауруханада ағзаны алмастыру бойынша заңсыз операциялар жасап келген. Тергеу департаментінің басшысы тағы бір сұмдық жайттың бетін ашты.

САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Тергеу барысында анықталғаны, 2017-2018 жылдарда ҚР аумағында тұрақты трансұлттық ұйымдасқан  қылымыстық топ, қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырылып, оның шетел мемлекеттерінің азаматтары басқарған. Тергеумен дәлелденгені, ұсталған Донбай қылмыстық топтың мүшелерімен алдын ала сөз байласып, олардың қылмыстық әрекеттерін, және адам ағзаларын сатуға заңмен  тыйым салынғанын біле тұра, ақшалай қаражаттарды алып, шымкент қаласының ауруханасында бұйрықты және трансплантация бойынша  заңсыз операциялар жасалған».

Ал операция кімдерге жасалды? Тергеу жұмыстары анықтағандай, қаржылық қиындықтарға тап болған Өзбекстан, Қырғызстан, Украина сынды елдердің азаматтары донорлыққа тартылған. Ал реципиенттер — алыс шетелдердің, басым көпшілігі Израильдің ауқатты азаматтары.

ТЕМІРХАН ИСАБАЛҰЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Науқастар өз еріктерімен хабарласқан. Клиникадағы трансплантация туралы ақпаратты ғаламтордан алған. Ағзаларды өзге елдерден алдырмаған. Операциялар ақылы түрде қалалық клиникада жасалған.Трансплантацияның құны 4 368 167 тенге. Ресми түрде. Науқастар касса арқылы есеп айырысқан. Барлығы 21 операция жүзеге асырылған. Заң аясында, халықаралық туризм желісі бойынша. Ол заңда қарастырылған».

Естеріңізде болса, тап осы Шымкентте дәрігер-трансплантолог Құттымұратов пен Қырғызстан азаматы Тайсалова ұсталып, қамауға алынған еді. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданып, қылмыстық істі аяқтау шаралары қабылдануда. Заңгердің айтуынша, осы сынды қылмыстардың қоғамда белең алуы қара нарықта адам ағзасы саудасының қызып тұрғанын білдіреді.

ДУМАН ДҮЙСЕНБАЕВ, ЗАҢГЕР:
«Әрбір адам өз өмірін сақтап қалуға ең  басты көңіл бөледі ғой? Сондықтан бұл адамға осы органдардың жетіспеуі, органдар бағасы өте қымбат болғаннан кейін,   20 мың доллардан бастап, әртүрлі бағаға дейін барады.   Қылмыстық кодекста заңсыз жолдар, мәжбүрлену жолдары әшкереленсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Және де екінші тармағы бұл сол сөз байласу арқылы белгілі бір қылмыстық топпен ұйымдасса, барлық мүлкі тәркіленіп, және де 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады».

Аталған қылмысқа қарсы күресетін бірнеше Халықаралық ұйымдар жұмыс істесе де, мәселе бүгінге дейін шешілер емес. Себебі, кез келген науқас аз уақытын күтумен өткізгісі келмейтіні анық. Күдікті Абылай Донбай аталған клиника басшылығы қызметіне келгенге дейін  40-қа жуық бауыр және 100-ден аса бүйрек ауыстырған. Яғни ол 140-тан астам адамның өмірін аман алып қалды деген сөз. Ал қазір оған  «трансұлттық қылмыстық топқа қатысу» және «адам ағзасын заңсыз алу» бабы бойынша айып тағылып отыр. Дәрігер уақытша изоляторға қамалды.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM