Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АДБ болжамы: Ресейдегі мигранттар Тәжікстанға ақша аударуды азайтады (видео)

KAZAKBOL.COM

Ресейдегі еңбек мигранттары биыл Тәжікстанға екі есе аз ақша жолдайды.

Сол себепті Душанбенің 2022 жылы шетелден тауар сатып алуы үш есе азаяды, ал 2023 жылы импорт тағы 20 пайызға қысқарады. Азия даму банкі осылай деп болжайды.

Тәжікстан Украинадағы соғыстың экономикалық салдарынан зардап шегіп жатыр. Еуроодақ пен АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген санкцияларынан рубль құлдырап, жұмыссыздық өсті. Еңбек мигранттары арзан жұмысқа келісуге мәжбүр болса, көбісі еліне қайтты.

Душанбелік Әнуар Ахмедов отбасын асырау қиындап кеткенін айтты. Тәжікстандағы табысы азық-түліктің аса қажетті түрлеріне әзер жетеді. Қалғандарын Ресейдегі бауыры жіберген ақшаға сатып алып жүрген.

«Бауырым Ресейден аз ақша жолдап жүр. Жұмыс жүрмей жатыр. Мен де жұмыс істеймін, бірақ айлығым аз. Отбасындағы жеті адам бауырым жолдаған ақшаға күнелтіп жүрміз», – дейді Ахмедов.

Тәжікстандағы мыңдаған отбасы қаржыдан қиналып отыр. Тәжікстан билігінің мәліметінше, Ресей — тәжік азаматтары үшін табыс табудың басты бағыты. 2021 жылдың аяғында Ресейде бір миллионнан аса тәжік азаматы болған. 2022 жылдың басында Ресейден 60 мың мигрант елге оралды.

2021 жылы еңбек мигранттары Тәжікстанға шамамен бір миллиард сегіз жүз миллион доллар жолдады. Азия даму банкінің болжамы дұрыс болса, биыл мигранттар елге миллиард доллардан аз ақша жібереді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM