Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Адвокат: Инандыдан жауап азаптау арқылы алынған

KAZAKBOL.COM

«Сапат» білім беру мекемесінің басшысы Орхан Инандыдан алғашқы жауап азаптау арқылы алынған. Осылай деп 20 ақпанда оның адвокаты Халил Ибрагим Йылмаз Азаттықтың қырғыз қызметіне айтты.

Оның сөзінше, 3 ақпанда өткен сот отырысы кезінде Инанды ешбір террористік ұйыммен байланысы жоқ екенін, бірақ қамалған алғашқы 37 күн бойы қысымға алынғанын, алғашқы жауапты күшпен жаздырып алғанын айтқан.

Анкарада Жоғарғы сотта өтіп жатқан сот процесінің келесі отырысы 14 сәуірге белгіленді.

Адвокат Инандының бір қолы оны Қырғызстанда ұстау кезінде, көлік дөңгелегінің астында қалып сынғанын, операция әлі жасалмағанын айтты. Ол өзін Түркияға қалай жеткізгенін білмейтінін, себебі көзі байлаулы болғанын баяндаған.

Қырғыз азаматтығын алып, Бішкекте тұрып келе жатқан Орхан Инанды 2021 жылдың 1 шілдесінде жоғалған. 5 шілдеде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы қызметтің оны Анкараға алып келгенін айтқан.

Анкара прокуратурасы Инандыны «қарулы террористік ұйымды басқарды» деп айыптап, 22 жылға еркінен айыру жазасын сұрап отыр. Айыптау қорытындысында Инанды «Гүлен» қозғалысының Орталық Азия бойынша жауапты адамы болғаны жазылған.

2016 жылы 15 шілдеде Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекеті болғанын жариялаған түрік билігі, бұл үшін Америкада тұратын Фетхуллах Гүленді кінәлайды және оның ұйымын террористік ұйым деп жариялаған.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Инандыны Қырғызстанға қайтаруды Анкарадан талап еткен. Ол былтыр Инандының ұсталуына Қырғызстанның да қатысы барын айтқан.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев Инанды қырғыз азаматтығын алған кезде, түрік азаматтығынан да бас тартпағанын, сол себептен Түркияның құқық қорғау органдарының оны жауапқа тартуы заңға сәйкес жүріп жатқанын білдірген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM