Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Агахан қоры тәжік-қырғыз шекарасындағы су құбырын қаржыландыруды тоқтатты

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның солтүстігінде Агахан қорының өкілдері тәжік-қырғыз шекарасындағы «Тоджикон» ауылының тұрғындары үшін су құбырын жұргізу жобасын қаржыландыруды тоқтатты.

12 қыркүйекте тәжіктің Исфара және қырғыздың Баткен өңірлеріндегі тұрғындар арасында жанжал болды. Оған Баткен тұрғындарының «Тоджикон» ауылы үшін су құбырын жүргізуге кедергі келтіруі себеп болды.

«Біз жобаны қаржыландырудан бас тартпаймыз, оны уақытша тоқтатып қана қойдық. Қырғыз тарапымен жанжалдың шешілуін күтіп отырмыз», — деді Агахан қорындағы дереккөз. Оның айтуынша, су құбырының бұл желісімен Қырғызстан тұрғындары да пайдалана алады.

«Жоба екі бойы жүргізілді. Бірақ осы уақытқа дейін ешқандай кедергі болмаған», — деді дереккөз.

Қор су құбырын жүргізуге 500 мың сомони (шамамен 53 мың доллар) бөлген.

«Тоджикон» махалласының төрағасы Гафуржон Жураевтың айтуынша, тұрғындар 13 қыркүйекте асарға қатысқан, бірақ қырғыздар трактормен келіп, жұмысқа кедергі келтірген. «Олар наразылық танытып, айқайлай бастады. Жергілікті ауыл тұрғындарының не ауыз суы, не суғармалы суы жоқ. Біз зерттеу қорытындысын күтіп отырмыз. Жанжалдан ешкім зардап шеккен жоқ», — деді ол.

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасының бұл аймағында даулы жерлер көп, соған байланысты тұрғындар жиі жанжалдасып қалады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM