Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Алғы шепке тағы жібергелі жатыр». Тәжік рэпері Украинадағы соғыс туралы ән салды (видео)

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда туып-ескен азаматтардың Ресейдің Украинадағы соғысында мерт болғаны, жараланғаны туралы мәлімет, оларды соғыс ошағына күштеп немесе түрлі уәделермен алып барғаны қоғамда талай рет талқыланды. Тәжікстанда соғысты жақтайтындар да, оған қарсы шыққандар да жетерлік.

Кейбіреуі қос азаматтығы барлардың соғысқа қатысқаны жөн десе, басқалары сарбаздарды тірі өлікке балаған. Тәжікстанның жүздеген мың азаматы Ресей паспортын алған, өйткені екі ел арасында қос азаматтық жүйесі бар.

Тәжікстанда туып-өсіп, кейін Ресей азаматтығын қабылдаған сарбаздың соғыста жараланғаны туралы тәжік рэперінің әні қоғамда осы тақырыпта қайта қоздырды.

Master SuRa лақап атымен танымал рэпер Сухроб Солиев бұл ән Украинадағы соғыста мина басып кетіп жараланған Баходур есімді жас сарбаздың тағдыры жайындай екенін айтты.

«Баходур мені әлеуметтік желілер арқылы тауып, әскери госпитальдан хабарласты. Ресей азаматы екенін, армияға соғыс басталар алдын шақырылғанын айтты. Баходур жараланғаннан кейін оның жақсы көретін қызы басқа біреуге үйленіп кеткеніне өкінді. Ол менен өзінің тағдырын әнге қосуымды сұрады», — дейді Сухроб Солиев.

Тәжік рэпері жерлесі Баходурдың өтінішін орындаған, кейін оның қайтыс болғанын естіген. «Біз телефонмен қатарынан 10-15 күн бойы сөйлесіп жүрдік. Жағдайы жақсарып келе жатқан. Тағы да алғы шепке жібергелі жатқанын айтқан. «Алла сақтасын» дегенмін. Кейін мессенджермен бірнеше мәрте жаздым, жауап болмады. Жақында оның соғыста мерт болғанын естідім», — дейді Сухроб Солиев.

Ресей Украина аумағына басып кіргелі бері БАҚ Тәжікстанда туып-өскен онға жуық азаматтың соғыста мерт болғанын анықтады. Ресей жағында соғысып жүріп қанша тәжікстандық қаза болғаны, қаншауы жараланғаны туралы дерек жоқ. Украина қарулы күштері құрамында соғысқан тәжік азаматтарының қаншауы мерт болғаны туралы да мәлімет жарияланбады.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған видеоларға қарасақ, Тәжікстан тумалары екі жақтан да тұтқынға түскенін аңғаруға болады. Соғыс жүріп жатқан уақытта мұндай деректерді растау мүмкін емес.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM