Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

“Қалаулым” жобасының бас редакторы: Біз қазақ халқына қарсы әрекет жасамаймыз

KAZAKBOL.COM

Жобаның негізгі мақсаты – қазақ журналистикасын дамыту-мыс.

“Қалаулым” бағдарламасының редакторлары ел алдына шығып, халыққа үндеу жолдады. Кешегі эфир барысында бағдарламаның бас редакторы Шаһ-Керім Кәрменов өз командасын ортаға шығарып, “Қалаулымда” тек қана кәсіби журналистердің жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол қазақ халқына қарсы әрекет жасамайтынын кесіп айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Армысыздар, көрермен! Менің есімім – Шаһ-Керім, “Қалаулым” жобасының бас редакторымын. Мен қазақпын және қазақ боп туғаныма ерекше мақтанамын. Менің артымда тұрған топ – “Қалаулым” жобасының редакторлары. Олар да қазақтар, олар да қазақ халқына бір қасық қаны қалғанша қызмет етуге дайын және ұмтылып тұр. Біздің жасап жатқан бағдарлама сіздерден, көрерменнен қошеметке бөленіп жатқаны біз үшін ерекше қуанышты жағдай. Күнде сағат 12-ден 3-ке дейін өздеріңіз бізді таңдап, 6 миллионнан астам көрерменнің қошеметіне бөленген бағдарламада жұмыс істеу – біз үшін ерекше бақыт.

Біз әрқайсысымыз журналистпіз, әрқайсысымыз журналистика факультетін бітірген маманбыз. Біз қазақ халқына ешқандай қарсы әрекет немесе салт-дәстүрге қайшы әрекет көрсетпейміз. Біздің көрсететініміз – шынайы өмір, өмірде болып жатқан жағдайлар. Және сол жағдайларды түзетуге өз тарапымыздан күш жұмсайтынымызға уәде береміз”, – дейді Шаһ-Керім Кәрменов.
Бас редактордың сөзін тележүргізуші Аша Матай да қолдай кетті. Айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – қазақ журналистикасын дамыту-мыс.

“Бүгінгі Шаһ-Керімнің айтқанының жалғасы деп түсініңіз. Бізде жұмыс істейтін топтың басым бөлігі жастар және барлығы кәсіби журналисттер. (бізге соңғысы ерекше маңызды) Неге жастар десеңіздер бұл жобаның сыры ” Мен қазақ журналистикасын дамытамын. Мен әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті бағдарлама жасаймын” деген жастық жалынында. Жалындаған жас мамандар барда, даму да болады. Бізді күн сайын 6 000 000 жуық көрермен таңдайды. Көрермендеріміз үшін соңына дейін жұмыс істейміз. Соңы қашан болса да…” – деп түйіндеді сөзін Аша.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM