Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алексей Навальный ауруханадан шықты

KAZAKBOL.COM

Берлиндегі «Шарите» клиникасы ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың ауруханадан шыққанын хабарлады. Ол клиникада 32 күн жатқан.

Клиника сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, оппозициялық саясаткердің денсаулығы жақсарғандықтан дәрігерлер оны стационардан шығаруды жөн көрген.

Дәрігерлер Навальныйдың толық айығуы мүмкін, алайда удың әсері әлі ұзақ сақталуы мүмкін деп отыр.

Клиника хабарламасына сәйкес, ауруханада бір айдан астам уақыт жатқан Навальный 24 күн реанимацияда болған.

44 жастағы Алексей Навальный 20 тамызда Новосибирскіде жемқорлық туралы зерттеу жүргізіп қайтып келе жатқан жолда ұшақта жағдайы күрт нашарлап, комаға түскен. Омбы ауруханасында екі күн жатқаннан кейін туыстары мен жақтастарының талабымен Берлиндегі «Шарите» клиникасына ауыстырылған.

Германия дәрігерлері оның ағзасынан совет кезінде жасалған «Новочик» әскери уының қалдықтары табылды деген. Ал Ресей билігі «саясаткердің ағзасынан у табылмады» деген Омбы ауруханасы мамандарының айтқандарын алға тартып, неміс ғалымдарының дерегіне күмән келтіреді. Батыс Ресейден мәселеге толық түсініктеме беруді талап етіп отыр.

Бұған дейін Навальный жазылғаннан кейін Ресейге оралып, қызметін жалғастырғысы келетінін айтқан.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM