Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Алматы полициясы Ресейде іздеу салынған анархисті ұстады

KAZAKBOL.COM

9 ақпанда Алматы полициясы Ресейде іздеу салынған анархист, сол елдің азаматы Денис Козакты ұстады. Бұл жөнінде бурят журналисі Евгения Балтатарова Telegram-дағы арнасында хабарлады. Оның жазуынша, Қазақстанның құқық қорғау органдары Козакты Ресей сұрауымен ұстаған.

«Ол қалай ұсталғанын білмеймін. Маған ресейлік құқық қорғаушылар хабарласып, адвокат табу керектігін айтты» деді 9 ақпанда кешкісін Азаттыққа Евгения Балтатарова.

Оның айтуынша, қазір Денис Козакқа адвокат табу мәселесімен Адам құқығын қорғау бюросы айналысып жатыр. Балтатарованың айтуынша, Денис Козак Ресейде «терроризмді ақтау» бабымен айыпталған.

«Бұл – Құдайға шүкір, депортацияны қолдануды талап ететін бап емес. Яғни бұл бойынша оны Ресейге депортациялауға болмайды. Алайда ол бұл жақта болу ережесін сақтамаған деп айтылады» деді Евгения Балтатарова.

Адам құқығын қорғау бюросының заңгері Денис Дживаганың айтуынша, Козакты полиция «халықаралық іздеуде болғаны үшін» ұстаған. Қазір ол Алматының Масанчи көшесіндегі полиция департаментінде.

Азаттық тілшісі 9 ақпанда Алматы қаласы полицияның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке хабарласқан. Ол WhatsApp желісі арқылы «анықтайын» деп жазып жіберді.

Ресей ақпарат құралдары 19 жастағы Денис Козак былтыр қыркүйекте елден кеткенін хабарлаған. Ізінше Ресейде оған іздеу жарияланған.

«Кавказский узел» сайтының жазуынша, Козак 2018 жылы ФСБ-ның Архангельскідегі ғимараты алдында өзін жарып жіберген студент Михаил Жлобицкий туралы әлеуметтік желіде пост жазған. Осыдан соң оның үстінен «терроризмді ақтау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тінту жүргізілген. Козактың өзі ақпарат құралдарына «жазбасында Жлобицкийдің әрекетін айқын ақтамағанын» айтқан.

Евгения Балтатарованың жазуынша, Ресейде 2018 жылы ФСБ алдында болған оқиға туралы пікірін айтқандарға қатысты «терроризмді ақтау» бабы бойынша жиі іс қозғалады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM