Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте көлік нөмірін ауыстырып, бейнекамералардан жасырынған жүргізуші ұсталды

KAZAKBOL.COM

Шымкентте көлік нөмірін ауыстырып, бейнекамералардан жасырынған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен сенбіде Шымкент ҚПД жедел басқару орталығының қызметкерлері “Қорғау” қосымшасы арқылы Темірлан тас жолы бойында жалған нөмірлі автокөлік жүргені туралы сигнал алды.

Бейнебақылау инспекторлары құқық бұзушыны ұстау үшін патрульдік полиция экипажына бағыт-бағдар берді.

Автокөлікті тоқтатқан кезде тәртіп сақшылары жүк салғыштан көлікке тиесілі мемлекеттік тіркеу белгісінің түпнұсқасын тапты.

Жол камераларындағы жазбалардан көлік қалаға өз нөмірімен кіріп, біраз уақыттан кейін оны жалған нөмірге ауыстырғаны анықталды.

Mercedes-Benz автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.

Оның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 100 мың теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар екендігі анықталды.

Полицейлер көлік құралын айыптұраққа қамады. Жинақталған іс-құжаттар мамандандырылған сотқа жіберілді.

Заңға сәйкес, көлікті көрінеу жалған нөмірмен басқарғандарға 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM