Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркия президенті Реджеп Ердоған Швецияны НАТО-ға қабылдауға келісті

KAZAKBOL.COM

Түркия президенті Реджеп Ердоған Швецияны НАТО-ға қабылдауға келісім берді. Бұл жөнінде НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың Вильнюсте өтетін саммиті қарсаңында айтты.

Столтенбергтің сөзінше, Ердоған Швецияны әскери одаққа қабылдау туралы хаттаманы парламентке беруге уәде берген. Столтенберг мұны «тарихи күн» деп атады. Бірақ ол Анкараның қашан ратификациялайтынын нақтыламаған.

Ресей 2022 жылдың ақпанында Украинаға басып кірген соң Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіруге өтініш берген. НАТО-ға жаңа мүше қабылдау үшін одақтағы барлық ел келісім беруге тиіс. Түркия мен Венгрия Швецияны қабылдауға бұған дейін келіспей келген.

НАТО 11-12 шілдеде Вильнюсте өтетін саммитке дейін Швеция мүшелігі мәселесі шешіледі деп есептеген. Алайда Стокгольмде болған Құран өртеу акциясы Анкараның қытығына тиіп, тағы кідірген.

Саммит басталардан бір күн бұрын да Ердоған Швецияны НАТО-ға қабылдау мәселесін Түркияны Еуропа одағына қабылдау мәселесімен байланыстырып келген болатын.

Түркия Швециядан түрік оппозиционерлері мен Анкара террор ұйым санайтын күрд жұмысшылар партиясының мүшелерін ұстап беруді талап еткен.

Түркия 1999 жылдан бері Еуропа одағына кіруге кандидат ел саналады. Еуропа одағына кіру жөніндегі келіссөз 1987 жылы басталып, 2016 жылы тұйыққа тірелген. Еуропа Анкараны адам құқығын сақтамайтын, заң үстемдігі жоқ, экономикасы нашар ел санайды.

Швеция қабылданса НАТО-ның Балтық теңізіндегі шебі нығая түседі.

Түркия мен Швецияның бірлескен мәлімдемесінде Швеция Түркияның Еуропа одағына кіруіне қолдау көрсетуге уәде берген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM