Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда сот түрмедегі азаптау туралы іс бойынша үкім шығарды

KAZAKBOL.COM

Қарағанды облысындағы колонияда кісіні азаптап өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп жергілікті ақпарат агенттіктері сотқа сілтеме жасап хабарлады.

Шахтинск қалалық сотының үкімімен, АК-159/6 колониясы басшысының орынбасары Бауырбек Шотаев және АК-159/7 колониясының қызметкері Виталий Зарецкий қылмысты ұйымдастыру және азаптау баптары бойынша әрқайсысы жеті жылға сотталды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

2017 жылы 11 наурызда колонияның шұғыл бөлімі қызметкері Виталий Зарецкий бөлім басшысына мектеп мұғаліміне дөрекі сөйледі деген желеумен жазасын өтеуші Валерий Чупинді «жазалауын» тапсырған. Іс материалдары бойынша, сол күні бірнеше жазасын өтеуші Чупинді соққыға жығып, денесінен ток өткізген. Чупинді жергілікті ауруханаға жеткізген. Келесі күні ол «тік ішегіндегі жарақаттар мен ағзаның интоксикациясы» салдарынан қайтыс болды.

Бөлім басшысы Тимур Кирбаев 10 жылға сотталды. Жазасын өтеуші бесеу — Евгений Флотский, Дмитрий Крушинский, Николай Тюков, Максим Коваль және Қуанышбек Жарасбаев — әрқайсысы сегіз жылға сотталды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM