Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда құлдықта болған 10 өзбекстандық еліне оралды

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда еркінен тыс жұмыс істеуге мәжбүр болған он өзбек азаматы құлдықтан босап, отанына оралды.

«Дунё» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның Алматыдағы бас консулдығына үш өзбекстандық арызданған. Олардың айтуынша, жергілікті тұрғындар тобы 10 адамның жеке мүлкі мен телефондарын тартып алып, оларды жекеменшік үйде күшпен ұстаған.

Бас консулдық қызметкерлері, Алматы құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге, Өзбекстан азаматтарын күшпен ұстаған жерге барып, содан кейін оларды қаланың Бостандық ауданындағы полиция басқармасына жеткізді.

Шетел азаматтарына өктемдік жасағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Құлдықтан босаған өзбек азаматтарын хостелге орналастыру, тамақтандыру жұмыстарына «Родник» қоғамдық қоры көмектесті.

Тергеу шараларынан соң Өзбекстан азаматтарының төлқұжаттары мен жеке мүлкі қайтарылды. Олар 1 тамызда отанына оралды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM