Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда қайтыс болған қырғыз азаматының денесі туыстарына берілді

KAZAKBOL.COM

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған қырғыз азаматы Азиз Мусаевтың денесін анасы мен ағасы Қырғызстанға алып кетті. Бұл туралы Алматыдағы Қырғызстанның бас консулы Назарали Арипов хабарлады.

Алматыда қайтыс болған тағы бір қырғызстандық Бахтияр Базарбаевтың денесін алып кетуге де рұқсат берілді.

Алматыдағы бас консул қамауда отырған төрт қырғызстандықты босату істері жүріп жатқанын, 14 қаңтарда тиісті органдардың қызметкерлерімен кездесетінін жеткізді.

33 жастағы Азиз Мусаев Алматының орталық алаңында жарақат алғандардың біріне көмектесіп жатқан кезде оққа ұшқаны айтылады. Ол 2016 жылдан бері Алматыда фитнес-жаттықтырушы болып істеген. Ал Бактияр Базарбаев бойынша әзірге ешқандай мәлімет жоқ.

Оқиға кезінде тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен қырғыз азаматтары — 1990 жылы туған Закир Юбуров, 1991 жылғы Адан Хуров, 1987 жылғы Ильяс Мачо мен 2001 жылғы Абду-Рахим Жиншанло қамауға алынған.

Осыған дейін Қазақстанда қамалған қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов қырғыз билігінің араласуымен босатылып, Қырғызстанға қайтарылған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыдағы оқиғадан кейін ұсталғандардың саны 10 мыңға жеткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM