Қырғыз азаматы, Алматыдағы «Алтын орда» базарының директоры орынбасары Ермек Марқабаев екі айға тергеу абақтысына қамалды. Бұл жөнінде Қырғызстанның Алматыдағы бас консулы Назарәлі Арипов мәлімдеді.
«Қазір адвокат жұмыс істеп жатыр. Бас консулдық Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне нота жібергенбіз. Марқабаевтың өзімен кездесуді қарастырып жатырмыз. Туыстарымен жолықтық, толық мәлімет алдық», — деді бас консул.
Марқабаев Алматы-Бішкек тас жолында 2 маусымда ұсталған.
3 маусымда Қазақстанның ішкі істер министрлігі Telegram каналында оған қатысты есірткі, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз алып жүрді деген айыптар тағылғанын хабарлаған.
«Алтын Орда» базарының әкімшілігі полицияға сүйеніп таратқан мәліметте тек қару-жарақ туралы сөз болған.
Интернетте Марқабаевты қарулы күш тобының ұстап жатқан видеосы тараған. Оның жанында тұрған әйел есірткі затты әдейілеп қалтасына салып қойғанын айтып жатыр.
Марқабаевтың Алматыдағы кәсібін бұрынғы билік тұсында тартып алынғаны, былтыр сот арқылы қайта қайтарып алынғаны және кәсібін жаңарту жұмысын жүргізіп жатқаны айтылады.
KAZAKBOL.COM