Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда әділетсіз сайлауға қарсы пикет өткізген белсендіні полиция ұстап әкетті

KAZAKBOL.COM

26 наурызда Алматыда әділетсіз сайлауға қарсы пикет өткізген Oyan, Qazaqstan белсендісі Влада Ермольчеваны полиция ұстап әкетті.

Арбатта өткен акция кезінде белсенді Влада Ермольчева «демократия», «конституция», «сайлау құқығы», «Жаңа Қазақстан» деген жазуы бар шарларды жарды. Әр шарды жарған сайын «бізден демократияны, конституцияны, сайлау құқығын, Жаңа Қазақстанды ұрлап әкетті» деді.

«Сайлауды бұрмалап, өте көп заңсыздық жасаған билік Конституция мен азаматтардың құқықтарын бұзды, болашағымызды ұрлап, демократияға деген үмітімізді өшіріп жатыр. Таңдау құқығын тартып алды. Барлық үмітіміз үрілген шар сияқты жарылып, жоқ болды» деп жазылған белсенді таратқан мәлімдемеде.

Акция басталғанына 5 минут өтпей жатып, полиция оны ұстап әкетті.

Полиция белсендіні ұстау себебін түсіндірген жоқ. Тек «мән-жайды анықтау үшін» деді. Белсендіні Алмалы аудандық полиция пунктіне апарған.

19 наурыздағы мәжіліс пен мәслихатты сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, депутаттық мандаттың басым бөлігін биліктегі «Аманат» партиясы алды. Тәуелсіз бақылаушылар сайлау күні бюллетеньді топтап тастау, «карусель» әдісімен дауыс беру, бақылаушыларды дауыс санауға қатыстырмау сияқты заң бұзу фактілері болды деген. Дауыс санау кезінде заңбұзушылықтар болғанын ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясының өкілдері де айтты.

Сайлауға өз-өзін ұсынған, бірақ мәжіліс пен мәслихатқа өтпей қалған кандидаттардың басым бөлігі де нәтижеге келіспей, биліктен дауыс беруді қайта өткізуді талап еткен.

21 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Наурыз мерекесінде сайлауды «ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы» деп атады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM