Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда 4 қыркүйектен, басқа өңірде 28 тамыздан бастап карантин шектеуі азаяды

KAZAKBOL.COM

4 қыркүйектен бастап Алматыда, 28 тамыздан бастап Қазақстанның барлық өңірінде карантин шектеулері азаяды. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралауына жол бермеу жөніндегі ведомство аралық комиссия бүгінгі отырысында хабарлады.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалығымен өткен отырыста комиссия «елдегі эпидемиология жағдайы тұрақталды» деген қорытындыға келген. Осыған байланысты карантин режимін босаңдататын шешім қабылданған.

Комиссия шешімімен 28 тамыздан бастап «Ashyq жобасына қатысатын бизнестің барлық субъектілеріне демалыс күндері сағат 24.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына сағат 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Алайда қызметкерлер мен тұтынушылардың Ashyq қосымшасында «жасыл белгісі» болуы керек.

Сенбі күндері қоғамдық көлік жүреді. 30 тамыздан бастап «Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандардың барлығы 22.00-ден 24.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына 24.00-ден 2.00-ге дейін жұмыс істеуіне болады».

Бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа байланысты карантин шектеулері бірнеше рет енгізіліп, қайта азайтылған.

29 шілдеде Алматы қаласының бас санитары Жандарбек Бекшин «індеттің кезекті толқыны тамыз айында шарықтау шегіне жетеді» деп мәлімдеген болатын.

Бекшин сөзінше, індеттің алғашқы толқыны 2020 жылы көктем мен жаз айларында болып, шілде айында шарықтап, қыркүйекте бәсеңдеген. Қазан мен 2021 жылдың қаңтарының соңына дейінгі аралықта індеттің екінші толқыны болып, бұл кезде ең жоғары көрсеткіш қаңтарда тіркелген. Ал коронавирустың үшінші толқыны британ штамының таралуымен басталған. Бұл кезде сәуір айында аптасына шамамен 20 мың науқасқа дейін анықталды. Маусымда «Дельтаға» байланысты індет қайта қайта күшейіп, төртінші толқынға ұласқан.

2020 жылы көктемде республика бойынша алғаш рет коронавирусқа байланысты жаппай карантин жарияланып, халық бір ай бойы қатаң шектеуде отырған еді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM