Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда ерлі-зайыпты журналистер Владимир мен Наргиз Северныйлар «бопсалау» күдігімен ұсталған

KAZAKBOL.COM

Алматыда ерлі-зайыпты журналистер – Владимир және Наргиз Северныйлар қамауға алынды. Екеуінің ұлы Ратмир Северный әке-шешесін билік өкілдері 20 сәуір күні кешкі 7-де Алматыдағы Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығынан ұстап әкеткенін Facebook-парағында хабарлады.

«Оларды тергеуші киімін киген бірнеше адам бейнекамераға түсіріп, жеке заттарын тінтті. Анама бізбен сөйлесуге рұқсат етпей, бөлімшеге алып кетті. Ал әкемді бізді үйге әкеліп тастаған соң әкетті. Олармен хабарласа алмай отырмыз. Себебі телефонын тартып алған» дейді Ратмир Северный Kozachkov offside телеграм-арнасы жариялаған видеоүндеуде.

Ол Азаттыққа істің мән-жайына қатысты әзірге пікір білдіре алмайтынын айтты.

Алматы қаласы полиция департаменті ерлі-зайыпты журналистер «ақша бопсалаған» деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Полиция таратқан ақпаратта: «Белгілі бір ЖШС басшысының арызы бойынша ақша бопсалаған С. деген ерлі-зайыпты қаражаттың бір бөлігін алу кезінде ұсталды. Қазір осы деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша заңды процестік шешім қабылданады» деп жазылған.

Владимир Северный – әскери тақырыпта жазатын журналист. Ол Caravan.kz сайтында жұмыс істеген. Әйелі Наргиз Северная да – журналист. Ол Caravan.kz, Orda.kz сайттарында автор болған. Ұсталардан бір күн бұрын Наргиз Северная Facebook желісіндегі парағында күйеуіне әскердегі мәселелерді жазғаны үшін қорғаныс министрлігі «әлдебір арандату әрекеті дайындалып жатқан болуы мүмкін» деп хабарлаған.

Биыл ақпанда Қазақстан соты журналист Махамбет Әбжанды «ақша бопсалады», «жалған ақпарат таратты» деген айыппен тоғыз жылға түрмеге қамаған. Адвокатының айтуынша, Әбжан тағылған айыптарды жоққа шығарған.

«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымының «Сөз бостандығы индексінде» Қазақстан 180 елдің арасында 122-орында тұр. Елдегі сөз бостандығының ахуалы күрделі деп бағаланады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM