Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда коронавирусқа қарсы күреске 14 млрд теңге жұмсалды

KAZAKBOL.COM

Медициналық сақтандыру қоры арқылы коронавирус пен пневмонияға қарсы күреске 71,6 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Алматы қаласы бойынша індетке қарсы күрес шараларына 14,9 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы.

Естеріңізге сала кетсек, коронавирус пен пневмония жұқтырған жағдайда пациенттерге медициналық көмек сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан көрсетіледі. Сондай-ақ, COVID-19 белгілері байқалған немесе аталған вирусқа шалдықты деген күдік келтірілген азаматтар мобильді бригадалар мен үйдегі стационар қызметіне жүгіне алады.

Жыл басынан бері Алматы қаласында коронавирус инфекциясына қарсы күреске бөлінген 14,9 млрд теңгенің:

— 7,8 млрд теңгесі – медицина қызметкерлеріне үстемақыға;

— 5,5 млрд теңгесі – КВИ бойынша көрсетілген медициналық көмекке және індеттің таралуына жол бермеуге бағытталған іс-шараларға (карантиндік және инфекциялық стационарларда ем қабылдау – 25 мың жағдай);

— 1,3 млрд теңгесі – ПЦР-диагностикаға (168 мың ПЦР тест жасалды);

— 253,1 млрд теңгесі – мобильді бригадалар қызметіне (мобильді бригадалар 44,1 мың қызмет көрсеткен);

— 7,4 млн теңгесі – үйдегі стационар қызметіне (1390 пациентке қызмет көрсетілген) жұмсалған.

Филиал директорының орынбасары Жанар Кенжебаеваның айтуынша, КВИ-ге бөлінген бюджеттің негізгі бөлігі коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге жұмсалыпты.

Жалпы алғанда, қаңтар айында 4987 медқызметкерге 1,8 млрд теңге, ақпан айында 5365 маманға 1,9 млрд теңге қосымша ақы төленді. Наурыз айында 7202 қызметкер 2,7 млрд теңге үстемақы алған.

 

 

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі

+ 7 (727) 3 31 41 01

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM