Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда оқушыларға Ресей «қаһармандары» туралы фильм көрсеткен мектеп директорына сөгіс жариялануы мүмкін

KAZAKBOL.COM

7 желтоқсанда Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында оқушыларға «Россия. Нам 30 лет» атты деректі фильм көрсетілді. Фильм кейіпкерлері Ресейдің Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдайды.

8 желтоқсанда Алматы қаласының білім басқармасы Азаттық тілшісіне жіберген жауабында «№ 132 гимназия оқушыларына аталған фильмді көрсетуге басқарма рұқсат берген жоқ» деп мәлімдеді.

«Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты № 132 гимназия директоры К.А. Әбдіманаповаға өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік айыппұл салынады, яғни сөгіс беріледі» деді Алматы қаласының білім басқармасы өкілдері.

Білім басқармасындағы шенеуніктердің айтуынша, Алматыда № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушыларына Ресей туралы фильм көрсетілген. Олардың сөзінше, Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы және «Россотрудничество» агенттігінің Қазақстандағы өкілдігі оларға тағы екі фильмнің көрсетіліміне қатысуды ұсынған.

Бірінші фильм – «Россия. Нам 30 лет», екіншісі — «Земля больших кошек» деп аталады. Екіншісі Ресей мен Қытай аумағында барыстар популяциясын қалпына келтіру жөнінде баяндайды.

«Россия. Нам 30 лет» фильмінің кейіпкерлері «жас президент Путинді» мадақтап, Ресейдің Қырымды аннексиялағанына қуанады. Фильмде сонымен бірге Оңтүстік Осетиядан келген спортшы «ресейлік» атлет ретінде көрсетіледі.

Қазақстан Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындаған жоқ және Украинаның территориялық тұтастығын құрметтеуге шақырған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM