Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда онкоскринингтерге 570 млн теңге бөлінді

KAZAKBOL.COM

4 ақпан – Дүниежүзілік онкологиялық сырқаттарға қарсы күрес күні.

Соңғы деректерге сүйенсек, қазір Қазақстанда 180 мыңнан астам адам онкологиялық есепте тұр. Қатерлі ісіктен жыл сайын 14 мыңнан астам адам қайтыс болады.

Бүгінде обырды ерте анықтауға мүмкінік мол. Себебі, қатерлі ісікті емдеу нәтижесі – оны анықтау мерзіміне байланысты, дейді мамандар. Ауру қаншалықты ерте анықталса, оны емдеу мүмкіндігі де артады әрі ем-домға кететін шығын да 200 есеге дейін қысқарады.

Биылғы жылы Алматы қаласы бойынша қатерлі ісікті анықтауға бағытталған тексерулерге 570 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Атап айтар болсақ, 46 млн теңге сүт безі обырын анықтауға жұмсалмақ. Скринингтің бұл түрінен 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер жылына екі рет тегін өте алады. Оңтүстік астана бойынша аталған санатқа жататын әйелдер саны 300 мыңнан асады.

Сонымен қатар, жатыр мойны қатерлі ісігін анықтау шараларына 353 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Тегін жасалатын тексерудің бұл түрінен 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер өте алады. Алматыда бұл санатқа кіретін әйелдердің саны 486 мыңға жуықтайды.

Ал, колоректальді обырға 50 мен 70 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де тексерілуі тиіс. Скринингтің бұл түріне 172 млн теңге жұмсалмақ.

Скрининг мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде тегін жүргізіледі. Одан өту үшін әр азамат өзі тіркелген емханасына хабарласуы тиіс.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі

+ 7 (727) 296-58-20

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM