Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда сот Қаңтарда қаза тапқан бес адамды айыпты деп тапты

KAZAKBOL.COM

2 мамырда Алматыдағы Бостандық ауданы №2 соты Қаңтар оқиғасында қаза тапқан бес марқұм Серік Керімов, Қанат Әубәкіров, Нұрболат Қасымжанов, Аслан Уалиев, Шыңғыс Тастанбековті айыпты деп таныды. Бұл туралы Qazaq Times сайты хабарлады.

Сот Керімов, Әубәкіров, Қасымжанов және Уәлиевті «жаппай тәртіпсіздікке қатысты», «сөз байланысып мемлекеттік ғимаратқа шабуылдады» деп айыптаса, Тастанбековке «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген айып тағылды.

Прокурор сотта бес марқұм Алматыдағы әкімдікке және президент резиденциясына шабуыл жасады және кінәлары толық дәлелденді деді. Бес айыпталушы да Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан.

Айыпты деп танылған марқұмдардың жақындары сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеп, апелляциялық шағым түсіретінін айтқан.

Мәселен, Шыңғыс Тастанбековтің әпкесі Шынар Тастанбекова соттан кейін Qazaq Times сайтына «бұл – аруақтарды қорлау, жоғарғы инстанцияға шағымданамыз» деді.

Қазақстанда былтыр болған Қаңтар оқиғасында қаза тапқан бірнеше адам бұған дейін де айыпты деп танылған. Биыл ақпанда Таразда Қаңтар қырғыны кезінде мерт болған алты адам «жаппай тәртіпсіздікке қатысты», «қару алып жүрді» деп айыпталған. Олардың арасында оққа ұшқан 17 жастағы Андрей Опушиев те бар. Бұл соттар қоғамда «аруақтар соты» аталып кеткен еді.

Бұдан бөлек елде тергеу мен сот Қаңтарда оққа ұшып қаза тапқан адамдардың кейбірінің сүйегін қазып алып, қайта тексерген. Марқұмдардың жақындары да бұған қарсы болған.

238 адамның өмірін қиған Қаңтар қырғыны бойынша сот процестері аяқталып келеді. Бас прокуратураның мәліметінше, елде 1600-ден астам адамға Қаңтар бойынша үкім шыққан. Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Атырау және Талдықорған қалаларында жүздеген адамның соты өткен.

Оларға «жаппай тәртіпсіздік», «қару-жарақ ұрлау», «ғимараттарды басып алу» және өзге де баптар бойынша айып тағылған. Елде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған біраз адам рақымшылық заңымен босап шыққан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM