Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда таза ауа: Sergek Group мамандары мен Spark Lab студенттері инновациялық экодатчик әзірледі

KAZAKBOL.COM

Алматы көшелеріндегі экодатчик жұмысының алғашқы нәтижелері Алматы қаласының Экология басқармасы мен Полиция департаментіне берілді

 

inDrive компаниясының коммерциялық емес жобалық-білім беру зертханасы – Spark Lab білім беру жобасы шеңберінде Алматы қаласының техникалық мамандықтар бойынша білім алатын сегіз студенті пайдаланылған газдың нормалардан асып кету ықтималдығы жоғары автокөліктерді анықтауға мүмкіндік беретін алгоритмдер әзірледі. Бұл алгоритмдер экодатчиктер жүйесіне біріктірілген, бұл автокөліктерді тексеру уақытын қысқартуға және экобекеттердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін студенттер Sergek Group мамандарынан тәлім алды.

 

«inDrive 2022 жылдың қараша айында Алматы қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті және басқа да еліміздің ірі жоғары оқу орындарының студенттерін біріктіріп, Spark Lab студенттік зертханасын іске қосқан болатын. Біздің зертханада студенттер табиғи өрттер, атмосфералық ауаның ластануы, рұқсат етілмеген қоқыс тастау орындары сияқты Қазақстанның өзекті мәселелерін шешу үшін жұмыс істеп, жобаларды күнделікті өмірге енгізу жолында баға жетпес тәжірибе алуда. Біз Sergek Group-пен Алматы қаласындағы ауа сапасын бақылау саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеуде ынтымақтасқанымызға қуаныштымыз», — деді Spark Lab жобасының жетекшісі Петр Яковлев.

 

Экодатчик – бұл Атмосферада зиянды заттардың болуын және басқа параметрлерді тіркейтін «Сергек» зияткерлік жүйесін жасаушылардың сертификатталған өлшеу құралы. Өткен жылдан бері Алматы қаласының көшелерінің қиылысында осындай он датчик орнатылған.

 

Қазір полиция кездейсоқ көліктерді тоқтатып, оларды тексеруге жібере отырып, көліктерді пайдаланылған газ нормаларына сәйкестігін қолмен тексеруде. Бұзушылық анықталған жағдайда жүргізушіге ӘҚБтК-нің 334-бабы бойынша айыппұл салынады. Бұл процедура уақытты қажет етеді және тиімсіз болып табылады.

 

Тоқтатулардың тек 25%-ы шығарындылар нормаларынан асып кету бойынша айыппұл салуға әкеп соғады, яғни Алматыдағы әрбір төртінші автокөлік бұл нормаларды сақтамайды. Сонымен қатар, экобекет ұтымды пайдаланылмайды, өйткені автокөліктердің 75%-ының шығарындылар бойынша мәселесі жоқ. Spark Lab командасы енгізген жаңартылған экодатчиктер экобекеттердің тиімділігін арттырады – олар тек тексеруді қажет ететін көліктер туралы ақпарат береді.

 

«Ауаның сапасын өлшеп қана қоймай, оны жақсарту бойынша техникалық және заңнамалық шешімдермен белсенді жұмыс істеу маңызды. Spark Lab студенттерімен бірлесіп жұмыс істеу осы бағыттағы тағы бір қадам болды. Олар әзірлеген экологиялық скоринг моделі біздің математикалық модельдер жинағымызды толықтырады және барынша тиімділікке қол жеткізу үшін пысықталады. Біз индустрия мен білім беру мекемелері арасындағы осындай бірлескен жобалар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартатын инновациялық шешімдер жасауға әкелетініне кәміл сенеміз», – деді Булат Танирберген, «Sergek Group» өнімді басқару бөлімінің басшысы және Spark Lab студенттер тобының ғылыми жетекшісі.

 

 

 

Sergek компаниясы туралы:

Sergek Group компаниясы қоғамдық және жол қауіпсіздігі, көлік жүйесі мен экологияны жақсарту бағыттары бойынша «ақылды қалалар» саласында шешімдер әзірлеумен белсенді айналысады. IT шешімдер Қазақстанның 9 қаласында және Наманган қаласында (Өзбекстан) енгізілді. Sergek Group эко өнімдерінің желісінде ауа сапасын талдауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешендер, ластану көздерін анықтауға және ауа массаларының қозғалысын талдауға арналған математикалық модельдер бар, сондай-ақ ауаның ластануымен күресудің практикалық тәсілдері пысықталады.

 

Spark Lab жобасы туралы:

Spark Lab — адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған жобаларды әзірлейтін inDrive компаниясының коммерциялық емес жобалық-білім беру зертханасы. Жобаларға ынталы және қабілетті жастарды тарту, олардың озық білім мен дағдыларды игеруі, әлемдегі өмірді жақсарту үшін жаңа технологиялар мен шешімдерді әзірлеу және сынақтан өткізу зертхананың басты міндеті болып табылады. Толығырақ келесі  сілтеме бойынша танысуға  болады: https://sparklab.space/ 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM