Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда вайнерлер жарнамалаған қаржы пирамидасы бойынша сот отырысы басталды

KAZAKBOL.COM

Алматының Алмалы аудандық сотында Mudarabah Capital қаржы пирамидасы бойынша сот отырысы басталды деп хабарлайды Информбюро сайты.

Басылым мәліметінше, сот отырысы онлайн-режимде өткен. Оған 100 шақты адам қатысқан. Басты айыпталушылар — ASTEX.KZ компаниясының басшысы Алмас Құрманғалиев, қаржы пирамидасын құрушылар Дания Рахимова, Ерлан және Ержан Мансұровтар.

Сонымен бірге күдіктілер ретінде Mudarabah Capital компаниясының құрылтайшысы Андрей Ча, Самат Касенов, Біржан Жармұхамедтің аты-жөні аталды. Олардың арасында Мейірхан Шерниязов және Мейіржан Төребаев секілді танымал вайнерлер бар. Әділет Ораз және Азизжан Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланған.

Прокуратура мәліметінше, 41 жылжымайтын мүлік, үш жеңіл көлік, тоғыз банк есеп-шоты және 16 компанияның үлесі бұғатталған.

Биыл сәуір айында қаржы пирамидасына ақша салып, алданып қалған Алматы тұрғыны Бағила Досмаилова тергеу ісіне көңілі толмай өзін-өзі өртеген. Ол Алматы полиция департаментінің басшысы Рустам Абдрахманов «істі тез жабуға әрекет жасап жатыр» деп мәлімедеп, халық арасында пирамиданы кеңінен жарнамалаған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты жауапқа тартуды талап еткен.

Осыдан кейін Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынған.

Биыл жазда «Қаржы пирамидасы қызметімен күрес жөнінде» заң жобасы қабылданған. Заңға сәйкес, қаржы пирамидасын жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сонымен бірге 9,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал қаржы пирамидасын құрушылар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM