Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Алматыға әкім болған екі жылда Бауыржан Байбек қандай іс тындырды?

KAZAKBOL.COM

Бауыржан Байбек. Фото: Интернет желісінен

Кеше тамыздың 9 күні Бауыржан Байбектің Алматы қаласына әкім болып тағайындалғанына 2 жыл толды. Осыған орай Qazaqtimes.com жас әкімнің осы уақыт аралығында қандай іс тындырғанына қысқаша тоқталған.

Бауыржан Байбек 2015 жылы 9 тамыз күні Алматы қаласының әкімі болып тағайындалғалы шаһарда көп дүние өзгерді. Ол келе салып қалада жылдар бойы жұмыс істеп келген трамвай желісін тоқтатты.

Қоғамдық көліктерге Ахметжан Есімов қойып кеткен валидаторлардың орынына қала тұрғындарына көп қиындық әкелген «Оңай» электронды төлем жүйесін енгізіп, автобустар жүретін көлік жолағын салды.

Ұзақ жылдар бойы дау туғызып келген «Көк Жайлау» куррорттық кешенін қаржыландыру мен салуды тоқтатты.

Үлкен көшелердің бойында орналасқан ғимараттардың қоршауларын алдырып, аудандық, қалалық, полиция бөлімшелерінің сыртына биік дуал салдырды.

Бауыржан Байбек келгелі Есімовтың кезінде ескерілмеген дүниелердің көбі қолға алынды. Солардың бірі 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ашылған 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштің ашылуы.

Иманғали Тасмағанбетовтың бастамасымен Ахмет Байтұрсыновтың мұражайын мемлекет қамқорлығына алып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бастамалардың көтерілуі болды.

Ол Ахметжан Есімов әкім болып тұрғанда қалада болмайтын күні яғни 16 желтоқсан тәуелсіздік күнінде халықпен бірге алаңға барып, желтоқсан құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұл оның қазақ халқына қарата жасаған ең бір сәтті қадамдарының бірі болды.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM