Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қытай әскери техникасын Қазақстан арқылы Ресейге әкетіп барады

KAZAKBOL.COM

Қазақстан Қорғаныс министрлігі ел аумағы арқылы Қытай әскери техникалары Ресей полигонында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің терроризмге қарсы жаттығуына қатысуға бара жатқанын хабарлады.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында Қытай әскери техникалары Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты арқылы Ресейдің Челябинск облысындағы Чебаркуль полигонына кетіп бара жатқаны айтылады. Ресми ақпаратта Қытай әскери техникаларын «Шығыс» аймақтық қолбасшылығы қарауылмен алып жүретіні айтылған.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, «Бейбіт миссия» деп аталатын жаттығуға ШЫҰ елдері — Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Үндістанның үш мыңнан астам әскери қызметкері мен 500-ден астам қару-жарақ және техника қатысады.

Қазақстан қорғаныс министрлігі сонымен қатар Қазақстан қарулы күштерінің әскери эшелондары жаттығуға 18 тамыз күні аттанатынын хабарлады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM