Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы іргесіндегі Тұздыбастау ауылында мыңдаған адам эвакуацияланды

KAZAKBOL.COM

Алматының іргесіндегі Тұздыбастау ауылында су басу қаупіне байланысты мыңға тарта адам эвакуацияланды деп хабарлады Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД).

ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, 28 ақпанға қараған түні Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылының жоғарғы жағындағы жыраға 50 текше метр көлемінде еріген қар суы жиналған. Су басу қаупіне байланысты 250 үйдің тұрғындары эвакуацияланған. Талғардағы №13, № 31 мектептер мен Экономика колледжінде және Медицина колледжінде эвакуациялық пунктер даярланды.

Күннің күрт жылынып, қардың еруіне және жауын-шашынға байланысты Алматы облысында өткен аптадан бері бірнеше ауданда ондаған үйдің ауласы мен қора-қопсысын су басты.

ТЖД таратқан ақпарат бойынша, 26 ақпанда Талғар ауданы бойынша 62 үйдің ауласын су басқан. Олардың 9-ы Талғарда, 27-сі Тұздыбастау ауылы, екеуі Бесағаш ауылы, 10-ы Қызылту ауылы, 14-і Панфилов ауылында болған. Қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті биліктің күшімен арықтарды тазалау, бөгет тұрғызу, суды сорып шығару жұмыстары істеліп жатыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM