Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы көшелеріне пальма ағаштары отырғызылады

KAZAKBOL.COM

Жасыл желектер отырғызылатын жердің келбетіне қарай түрлі үлгіде әрі түрлі тәртіпте орналастырылады.

 

 

Алматы қаласының 66 мың шаршы метр жері көгалдандырылып, гүлмен көмкеріледі. Ерекше үлгідегі гүлзарлар пайда болады. Онда гүлдер ұлттық ою-өрнектер нақышында егіледі. Одан өзге биыл шаһарымызда 45 мың көшет отырғызылады. Оның ішінде пальма ағаштары да бар. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлайды.

Шаһарымызды жасыл желекпен көмкеру үшін жылыжай мамандары сан алуан ағаштар мен гүлдер өсіреді. Екі гектар жерді алып жатқан жылыжайда экзотикалық өсімдіктер мен талдар да бар. Солардың кейбірі қаламыздың орталық көшелеріне егіледі. Қазірдің өзінде мұнда 16 мың шаршы метрге 600 мың гүл отырғызылған.

Көктем мезгілінде қара жерге жас өскіндерді егу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша жұмыс орындары ашылады. Оған 12 мың адам тартылмақ. Оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1200 студент қызмет қылады.

Жасыл желектер отырғызылатын жердің келбетіне қарай түрлі үлгіде әрі түрлі тәртіпте орналастырылады. Ал, қала көркіне сән беретін қызылды-жасылды гүлдер кемпірқосақ, пирамида сынды пішінде егіледі.

Фото:amazingmeridian.ru

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM