Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқандарға қатысты жантүршігерлік жайт белгілі болды

KAZAKBOL.COM

«Каз Авиа» ұшағы.

Алматы облысында апатқа ұшыраған «ЯК-12» ұшағындағы адамдарды құтқару мүмкін болмаған. Әуе техникасы жерге құлағанда, бірден жанып кеткен. Марқұмдардың денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бұл туралы «ҚазАвиа» компаниясының директоры Игорь Сухоруков «Астана» арнасына айтты.

Кәсіпкер Мәсімжан Мәсімовті туыстары жексенбі күні жер қойнына тапсырған. Ал ұшқыш Халит Ақбердиновдің денесі бүгін туған жері Қарағандыда жерленді.

Ол жаз маусымы кезінде «ҚазАвиа» компаниясында арнайы келісімшартпен жалданбалы ұшқыш ретінде жұмыс істеген. Компания директорының айтуынша, егіс алқабындағы зиянды жәндіктерді жою үшін химиялық жұмыстарға тапсырыс берген кәсіпкер компаниямен келісімшартқа өзі отырған.

Авиапаркте тұрған 23 ұшақтың ішінен өткен аптада Панфилов ауданы Шолақай ауылына «ЯК-12» ұшағы аттанадырылыпты. Игорь Сухоруков, «ҚазАвиа» тәуелсіз әуе компаниясының директоры: Жыл сайын біздің парктегі ұшақтар жаздың алдында техникалық жарамдылығы туралы куәлік алады. Сондықтан оның нақты себебін комиссия анықтайды деп ойлаймыз. Біз қаза тапқан адамдардың отбасыларына материалдық жәрдем беріп жатырмыз.

Әрі қарай да өз тарапымыздан шығындарды мойнымызға алуға дайынбыз. Айта кетейік, 28 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданынада «ЯК-12» ұшағы апатқа ұшырады.

Көлік прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 344 бабы бойынша іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Азаматтық авиация комитеті мен өзге де құзырлы мекемелердің қатысуымен біріккен комиссия құрылды. Бұл «ҚазАвиа» компаниясындағы екінші ұшақ апаты. Осыдан үш жыл бұрын тағы бір ұшақ Алматы облысы Ұйғыр ауданында апатқа ұшыраған. Ол кезде де «Бекас» деп аталатын жеңіл моторлы ұшақтың 29 жастағы ұшқышы қаза тапқан.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM