Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы облысында «түрмеде азапталды» деген тұтқын қайтыс болды

KAZAKBOL.COM

Алматы облысында түрмеде жазасын өтеп, ауруханаға түскен тұтқын Қайрат Егімбаев қайтыс болды. Бұл туралы Қайрат Егімбаевтің адвокаты Айгүл Баймағамбетова хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, 27 тамыз күні түрме басшылығы Егімбаевтің 26 тамыз күні түнге қарай қайтыс болғанын хабарлаған.

Бұл ақпаратты Қайрат Егімбаевтің әйелі Айжан Омар растады. Оның сөзінше, күйеуі Қапшағай қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан. «26 тамыз күні сағат 9-да қайтыс болған екен. Маған түнгі сағат 1-лерде хабарлады. Денесін алып келдік, ертең жерлейміз» деді Айжан Омар. Оның сөзінше, күйеуі 27 тамыз күні өзінің ауруханаға түскені туралы факт мен әйелінің арызы бойынша жауап беруі тиіс болған.

Қайрат Егімбаев Алматы облысының Заречный кентіндегі ЛА-155/14 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан жерінен ауруханаға түскен. Туыстары оның түрмеде «таяққа жығылғанын, төрт операция жасалғанын, жағдайы қиын» екенін айтқан. Ал түрме басшылығы сотталушы «биіктен құлап жараланды» деген.

Адвокат бұған дейін Егімбаевқа «ешкімге ешқандай шағымым жоқ» деген мазмұндағы арыз жаздыртып алғанын айтқан. «Арызында, денесіндегі жарақаттар жуынатын бөлмеде құлағаннан кейін пайда болғаны жазылған. Сарапшының тұжырымдамасы бұны жоққа шығарады» деген адвокат.

Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) баспасөз қызметінің өкілі Ғалымжан Хасенов, бұл іс бойынша хабардар екенін айтады. Ол Егімбаевтың ауруханаға түскені туралы факт пен оның әйелінің арызы ІІМ-де тіркелгенін, қазір Алматы облысының қылмыстық атқару жүйесі департаменті тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM