Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы соты қырғыз парламенті экс-депутатынының қамау мерзімін ұзартты

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты, Қазақстанның оңтүстігінде арнайы операция барысында ұсталған Дамирбек Асылбекуулын қамау мерзімі ұзарған. Бұл туралы Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлады.

Қалалық сот ақпаратына қарағанда, тергеу комитетінен Дамирбек Асылбекуулын қамауда ұстау мерзімін 2018 жылдың 15 қазанына дейін ұзарту туралы өтініш түскен. Сот тергеушілердің өтінішін қанағаттандыру туралы қаулысын 9 тамызда шығарған.

2018 жылы 15-16 ақпан күндері сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында өткен арнайы операция барысында 35 адам ұсталған. Олардың арасында кеден органдары, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер болған. Ұсталғандардың үшеуі – Қырғызстан азаматы.

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты 17 ақпанда Қырғызстан азаматтарын екі айға қамау туралы сот шешімін шығарған. Тергеу ұсталғандарды “шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды» және “трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты” деп күдіктенеді.

16 сәуірде Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы “өзге ел азаматтығын алған болуы мүмкін” деген себеппен Асылбекұлын депутаттық мандаттан айырған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM