Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда апатты ағаштарды кесу мен өзен арналарын тазалау басталды

KAZAKBOL.COM

Алматының тынысы кеңейеді. Жасыл қала биыл 45 мың жаңа желекке оранады. Сондай-ақ апатты ағаштар кесіліп, арық жүйелері тазартылады. Бүгінде бұл жұмыс қаланың барлық ауданында қарқынды жүргізіліп жатыр.

 

 

Биыл тағы да 45 мыңға жуық көшет сатып алынады. Жасыл желектің басым бөлігі жаңадан қосылған Наурызбай мен Алатау ауданындарына отырғызылмақ. Қаламыздың экологиялық ахуалын ескерген мамандар автомобиль газына төзімді әрі ауаны жақсы тазартатын үйеңкі, шырша, қарағай, арша сынды қылқанжапырақтыларды егуді көздеп отыр, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

«Көгалдандыру науқаны наурызда басталады. Сатып алатын әрбір көшеттің бойы 3 метрден кем емес, діңі жуан болуы тиіс. Мұндай ағаштар тез жерсініп, көркейіп кетеді»,- деді Алматы қ. табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Ержан Құсайынов.

Қазіргі таңда Алматыда 1 миллион 300 мыңнан аса тал-терек бар. Биыл соның ішінде 24 мыңына санитарлық қырқу жұмысы жүргізіледі. Апатты жағдайдағы екі мың ағаш оталады. Қалалық құтқарушылар өзен арнасын мұз бен қатқыл қалдықтан аршуға кірісті. Тазарту жұмыстары Жетісу ауданында жүріп жатыр. Қазір мамандар Есентай мен Қарасу бетіндегі мұздарды арнайы техникамен тазалап, түбіндегі қоқыс пен құм сыртқа шығарылуда.

«Күн жылынғаннан бері үйлерді су алмас үшін осы өзендер тазаланады. Бұл өзендер бүгін ғана емес, жыл бойы тазаланатын өзендер. Күніне 7 машина, 20 адамға дейін жұмыс істейді»,- деді Алматы қ. құтқару қызметі директорының орынбасары Ержан Қаңлыбаев.

Алматыда жалпы ұзындығы 300 шақырым болатын 26 ірілі-ұсақты өзен бар. Жыл басынан бері Наурызбай ауданында Қарғалы және Ақсай өзендері, Медеу ауданында Тіксай өзені қоқыстан тазартылған. Кезекті аршу жұмыстары енді Түрксіб ауданында өтеді.

Перизат Көмекбайқызы, Влад Шишко

Фото: s13.ru

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM