Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда «фигурасын» бұзғысы келмейтін келіншек күйеуіне тоқал іздеп жүр (фото)

KAZAKBOL.COM

Күйеуіне тоқал іздеген бойжеткен. Фото: NUR.KZ

Алматыдағы «Отбасы» саябағында «Күйеуіме тоқал іздеймін» деген жазба көтерген келіншек жүрді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Ұзын бойлы, қыпша белді бойжеткеннің әрекетіне саябақта демалушылардың бірі-шошып,  енді бірі – күліп қараса, жасы келген қариялар келіншекке ренжулі болды.

Өзін «Зарина» деп таныстырған бойжеткеннің жасы 28-де, Алматы тұрғыны екен.

«Мен бала туып, фигурамды бұзғым келмейді. Күйеуімнің жасы 35-те, жағдайымыз бар. Тоқал болатын қызды жеке пәтерге орналастырамыз, еш қиындық көрмейді. Жасы 25 пен 35 арасындағы әйелдер керек. Тек бала туып берсе болды», — деп ол өзінің талабын айтты.


Күйеуіне тоқал іздеген бойжеткен. Фото: NUR.KZ

Бойжеткен мұнысымен қоймай, өткен-кеткен еркектерден «Тоқал аласыз ба? Қандай қыздар ұнайды?» деп сұраумен болды.

Артынша келіншектің бұл әрекеті өтірік болып шықты. Отандық телеарнада әйел тақырыбында түсіріліп жатқан бағдарлама аясында жасалған шоу екенін алыстан бақылаушылардың бірі айтып берді.

Бойжеткеннің сөзінше тоқал іздеген оны көпшілік жақтырмапты. Апалар келіп осы қылығы үшін ұрсып бергенін де жасырмады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM