Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда грант иегерлерінің жаңа тізімі тағы үлкен дауға ұласты

KAZAKBOL.COM

Аружан Ағыберген оң жақта. Кадр КТК арнасы

ҰБТ-тың дауы түзетілген екінші тізім шықса да бітетін емес. Бұл жолы тізімінде біреулердің мамандығы, енді бірінің тіпті түскен оқу орны ауысып кеткен. деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматылық Аружан Ағыберген ҰБТ-дан 128 балл жинап, «Алтын белгі» иегері атағына дақ түсірмеген үздіктердің бірі. Алғашқы шыққан тізімде грантқа түскенін көріп, қуанған. Алайда Білім министрлігінің қайтара шыққан тізімі, алып ұшқан көңілін су сепкендей басып тастапты.

«Мен оны күнгі тізім бойынша қалап тұрған мамандығымда тұрдым. Менен кейін де төмен балл алғандар болды. Бірақ, ол 14-і күнгі тізімде сол балалар да тұрды, мен басқа жаққа ауысып кеткенмін«, — дейді талапкер Аружан Ағыберген.

Жаңа тізім Аружанды өзі таңдаған университеттің басқа мамандығына ауыстырып жіберген. Облыста тест тапсырған Ботаның жағдайы тіпті қиын. Жалпы медицина мамандығы бойынша Ұлттық медицина университетінде оқығысы келгенмен, басқа мамандықпен басқа оқу орнынан бір-ақ шыққан.


Талапкер Бота Мұрат. Кадр КТК арнасы

«10 тамыз күні шыққан тізімде мен Асфендияровқа, жалпы медицинаға түскен болатынмын. Одан кейін 14 күні шыққан тізімде мен АТУ-ға түсіп кетіппін. Ол – биотехнология мамандығына, төртінші таңдаған мамандығым болатын», — дейді талапкер Бота Мұрат.

Ресми деректер бойынша, мыңға жуық талапкер осындай жағдайға тап болған. Оның себебі, компьютерлік жүйе гранттар тізімін екінші қайтара есептегенде «Алтын белгі» санаты есепке алынбаған. Сол себепті, «Алтын белгі» иегерлері тізімде бастапқы орындарынан жылжып кетіпті. Енді дау-дамайды өршітпес үшін шенеуніктер айыбын жуып-шаюға кіріскен сыңайлы.

«Бұл талапкерлердің барлығы өздерінің бірінші таңдаған мамандығы мен оқу орнына қайтадан қалпына келтіріледі. Біз қазір түсініспеушілік туындаған барлық талапкерлерге жеке-жеке хабарласып, тізімін жасап, ешқандай қателік жоқ екенін түсіндіріп жатырмыз«, — дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

Осы мәселеде болашақ студенттері алмасып кеткен жоғары оқу орындарының қатары отызға жуықтапты. Ұлттық тест орталығы олардың барлығына хабарлама жіберіп, жағдайды қалыпқа келтіруге тырысып жатыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM