Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда полицейлер көпшіліктің көзінше қарт адамды ұрып-соқты (фото)

KAZAKBOL.COM
Суреттер Гүлнәр Әбішева Facebook-тегі парақшасынан алынды

Желі қолданушысы Гүлнәр Әбішева өзінің Facebook-тегі парақшасында егде жастағы адамды құзырлы орган өкілдері қалай соққыға жыққанына куә болғанын жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Барлықтарыңыздың назарларыңызға! 12 тамыз күні Самал 2 ықшамауданында Меңдіқұлов — Снегин көшелерінің қиылысындағы аулада тұрғындардың көзінше, құзырлы орган өкілдері заңға қайшы әрекет етті. Олар қарт адамды алма сатқаны үшін соққыға жығып, қолын сындырды. Ар-ұяттан жұрдай екі жас офицер осылайша, заңсыз тауар айналымымен күреспекші болды. Егер өтіп бара жатқан ер адам, бойжеткен және қаланың беделді адамдары қарт кісіге жақтаспаса, онда еліміз тағы бір адамға кемитін еді. Алысқа бармайтын биліктің екі өкілі көшеде болып жатқан бассыздыққа араласқандардың бәріне сес көрсете бастады. Алайда, Құдайға шүкір бассыздық пен тәртіпсіздіктің одан әрі өршуіне жол бермейтін елімізде иманды және батыл адамдар әлі де бар екен. Олар өз отбасын асырау үшін егде жасында есірткі немесе ішімдік емес, заңсыз алма сатқаны үшін айыпты болған бейбақ адамға біздің полиция өкілдерінің одан әрі жәбір көрсетуіне жол бермеді. Тіпті ол заңды бұзған күннің өзінде де қартты соққыға жығып, мүгедек ету — бұл барып тұрған заңсыздық және бассыздық. Құрметті Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, сонымен қатар қалалық ІІД басшысы С.М Күдебаев мырза, мына құзырлы орган өкілдерінің бассыздығына назар аударыңыздар, адамдарды қорқытуды доғарыңыздар! Сурет жазбаға қоса тіркеледі», — деп жазды әйел өзінің парақшасында.

pogudx73dvesg0a5c.9b945238 pogudx55lr6tpk564.d66efcf6

 

Ошибка: Вид 2216c5d386 может не существовать
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM